Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді

29 қазан күні “Жаңа Арна” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы Миялы ауылының орталығында орналасқан Абай Құнанбаев және Жамбыл Жабаев көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында аталған көшелер бойындағы тасжолдың етегінде жиналған топырақтар мен тұрмыстық қалдықтар арнайы техника көмегімен тазаланды. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – ауылдың көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптастыру.

Миялы ауылдық округі әкімдігі тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан “Жаңа Арна” мекемесіне алғысын білдіріп, ауыл тұрғындарын тазалықты сақтау мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға шақырды.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT