Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Аудан бюджеті нақтыланды

Қызылқоға аудандық мәслихатының кезекті 47 сессиясына қатысушылар күн тәртібі бойынша алдымен «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгерееваның хабарламасын тыңдады.

Оның айтуынша, 2020 жылға аудан бюджетіне барлығы 6 513 623,0 теңге қаралып отыр. Нақтырақ айтқанда, салықтық түсімдерден 1 191 899 мың теңге, салықтық емес түсімдерден 7 969 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден 8 311 мың теңге және трансферттік түсімдерден 5 305 444 мың теңге түседі деп жоспарлануда. Ал, еліміздің «Білім беру туралы» Заңындағы өзгерістерге, яғни тәрбиешілердің еңбек демалысының 42 күннен 56 күнге ұзартылуына байланысты 3541,0 теңге өсім қаралуда. Сондай-ақ, мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайыз өсуіне орай және біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге 1 244 870,0 мың теңге, мәдени қызметкерлердің еңбекақысының 30 пайыз өсуіне байланысты 46 074,0 мың теңге бөлу жоспарланса, облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін субвенция 2020 жылға – 5 305 444,0 мың теңге, 2021 жылға – 4 856 558,0 мың теңге, 2022 жылға – 4 795 657,0 мың теңге көлемінде бекітіліп отыр.

Ал, «2020-2022 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджет туралы» хабарламасында аталмыш бөлім басшысы Миялы округіне – 235 852,0 мың теңге, Сағыз округіне – 186 941,0 мың теңге, Мұқыр округіне – 79 672,0 мың теңге, Жангелдин округіне – 71 883,0 мың теңге, Ойыл округіне – 85 169,0 мың теңге, Көздіғара округіне – 68 595,0 мың теңге, Тасшағыл округіне – 64 730,0 мың теңге, Жамбыл округіне – 49 609,0 мың теңге, Қызылқоға округіне – 79 636,0 мың теңге, Тайсойған округіне – 34 057,0 мың теңге бөлуді сессия мәжілісіне ұсынды.

Айта кетсек, биылғы жылдан бастап халық саны екі мыңнан төмен ауылдық округтердің төртінші деңгейлі бюджеті қалыптастырылады. Бұл ретте, округтерде 101102 төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы жоспарланбайды. Тек қана жеке тұлғалардың мүлік және жер салығы, жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы мен ерікті жарналары, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін өтем, белгіленген айыппұлдар, коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгереева депуттатар назарына 2016-2020 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының Аумақтарды дамыту туралы бағдарламасын бекітуге ұсынды. Жасалған хабарламалар бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілген соң, мәслихат депутаттары ұсыныстарды бірауыздан қолдап, бекітті.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT