Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті.

delegat2

Конференция жұмысын «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов ашып жүргізді. Конференцияның күн тәртібіне орай «Nur Otan» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы Саяси Кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, Атырау облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар ұсынылды. Онда сөз сөйлеген Мандат комиссиясының, «Қарақияқты» бастауыш партия ұйымының төрағасы Өтепберген Әділов:

– «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясының Мандат комиссиясы бастауыш партия ұйымдары жиналыстарының делегаттар сайлау жөніндегі хаттамаларының негізінде «Nur Otan» партиясы Жарғысының 9.6. тармағына сәйкес аудандық партия конференциясына барлығы 40 делегат сайланды. Саяси партиялар туралы қолданыстағы заңнама мен «Nur Otan» партиясы Жарғысының талаптарына сәйкес конференцияға 1983 партия мүшесін біріктіріп отырған 10 бастауыш партия ұйымдарынан делегаттар сайланды. Оның құрамында мемлекеттік басқару органдары, экономика, ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет, денсаулық сақтау салаларынан, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері, партия ардагерлері мен жастар бар, - деп барлық конференция делегаттарының өкілеттігін растап, хабарламаны бекітуді ұсынды.

Жиын соңында конференция қаулысы қабылданып, делегаттар бірауыздан дауыс берді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT