Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «жедел жәрдем» автокөліктері тапсырылды

 Бүгін, сенбіде облыс орталығындағы медицина мекемелеріне 40 «жедел жәрдем» автокөлігінің кілті табысталды. Осыған орайластырылған салтанатты рәсімге облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, денсаулық сақшыларын құттықтап, оларға жылы лебізін жолдады.

-Жыл санап өңірде халыққа көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасын жақсарту мен қолжетімділігін арттыру, инфрақұрылымын жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, жұмыстар атқарылып келеді. Соның айқын бір көрінісі, нақты мысалы бүгінгі күні өздеріңіз куә болып тұрған Атырау қаласындағы медицина мекемелерінің заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақтандырылған «жедел жәрдем» автокөліктермен қамтылуы болып табылады. Бұл мақсатқа биылдың өзінде жергілікті бюджеттен 900 млн. теңге сомасында қомақты қаражат бөлініп отыр. Сонымен қатар жаңадан денсаулық сақтау саласы нысандарының құрылысына да қажетті инвестиция тартылуда. Осылайша, медицина мекемелерінің санын көбейтумен бірге көрсетілетін қызметтің сапалық деңгейін көтеріп, кадр тапшылығын жоюға, білікті мамандармен қамтылуына, материалдық көтермелеу шараларын алуға да айрықша назар аударылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай да жүйелі жалғасын табатынына сенімдімін. Еңбектеріңізге толайым табыс, қызметтеріңізге сәттілік, адалдық пен абырой тілеймін, — деді Серік Жамбылұлы.

Жаңа автокөліктердің кілттерін медицина мекемелерінің жетекшілеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Жанұзақов тапсырды.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT