Сейсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Байланыс және ақпарат қызметкерлері» күніне орай аудан әкімінің марапаттау жиыны өтті.
Онда алдымен сөз алған аудан әкімі Арман Баженов:
– Халық мұңын билікке жеткізіп, елімізде жасалып жатқан жарқын жұмыстарды жарқырата көрсетіп, ауданның экономикалық-әлеуметтік, мәдени дамуына сүбелі үлесін қосып келе жатқан «Қызылқоға» газетінің алар орны ерекше. Алпыс бес жылдық тарихы бар, бұл газет аудан өмірінің айнасы, халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Сол сияқты аудандық желілік-техникалық учаскесінің де өзіндік тарихы бар. Аудан көлеміндегі 25 елді мекеннің 15-інде автоматты телефон стансасы жұмыс істеп, қалааралық, халықаралық және аудан іші телефон байланысын, интернет қызметін көрсетуде. Қалған 10 шағын елдімекендермен байланыс CDMA-450 WLL терминалдары, яғни сымсыз жүйе арқылы жүргізілуде, – деді.
Бұдан кейін аудан басшысы аудандық желілік-техникалық учаскесінің кросс электрмеханигі Майза Дүйсәлиева мен сала ардагері Тәнзила Саламатқызына, «Қызылқоға» газетінің корректор-іс жүргізушісі Айымгүл Қосыбаева мен жарнама менеджері Нұрмағанбет Аманжоловқа өз атынан, ал тілші Гүлмира Тілегеноваға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының Алғыс хатын табыс етті. Содан соң аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали кәсіби мереке иелеріне жылы лебізін арнап, облыстық мәслихат хатшысы Ө.Зинуллиннің Алғыс хатын тілші Дулат Ғұбайдуллинге табыс етсе, өз атынан аудандық газеттің бас редакторы- жауапты хатшы Нұрсәуле Жауынбаеваны, бет құрушы Орынбасар Әбішевті және аудандық желілік-техникалық учаскесінің электромонтері Есболат Қазиевті Алғыс хатпен мадақтады. Шара барысында аудандық желілік-техникалық учаскесінің басшысы Ақылбек Тәжіғұл, ардагер журналист Қалидолла Ізекен ақ тілектерін арнап, газеттің бас редакторы Бауыржан Сисенов құттықтау сөзінен кейін сала ардагерлеріне сый-сияпаттар табысталды.
Гүлмира Мақсотқызы.