Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Рәміздер – мемлекеттің төлқұжаты

Құрметті қызылқоғалықтар!

Баршаңызды егемен еліміз үшін ерекше дата – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан жиырма сегіз жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи Заңдарға қол қойды.

Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен тәуелсіздіктің, халықтың бірлігі мен мемлекеттік биліктің бөлінбес атрибуты. Осылайша, өз елімізде өз мемлекеттік рәміздерімізді еншілеу Тәуелсіз Қазақстанның қаз басып, қалыптасуында аса маңызды қадамдардың бірі болды. Қыран бейнелі көк Туымыз, шаңырақ шырайлы Елтаңбамыз және әуені асқақ Әнұранымыз әдемі мәтінімен дүние есігін ашты. Қазақстан халқы төл мемлекеттің тұңғыш ресми нышандарын зор қуаныш, терең мақтанышпен қарсы алды. Рәміздер – шын мәнінде мемлекеттің төлқұжаты. Сондықтан, оларды барша халық, соның ішінде өскелең ұрпақ арасында насихаттап, дәріптеудің маңызы зор. Сөз жоқ, айшықты рәміздеріміз еліміздің әрбір азаматын отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, туған жерді қастерлеуге, халқымыздың тарихын, тегін құрметтей білуге жетелейді. Туған ел, туған жер атты киелі ұғымдарды қастерлер әрбір қазақстандық үшін төл мемлекеттік рәміздерді құрмет тұту, қажет болған жағдайда қорғау парыз. Мерейлі мереке құтты болсын! Еліміз өз мемлекеттік рәміздерін бетке ұстап, алға қарай қарышты дами берсін, халқымыздың болашағы баянды болсын!

Игі тілекпен, Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ,

аудан әкімі

сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT