Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бала біздің болашағымыз

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – қоғамның тірегі. Ал, бала – отбасының болашағы. Бүгінгі отбасының тәрбиелеген бүлдіршіні, ертеңгі Қазақ елінің азаматы. Сондықтан, еліміздің ұлттық саясатының негізгі бір бағыты – балалардың құқықтарын қорғауға арналған. Баланы қорғау – болашағымызды қорғау, қазақ елінің берік іргетасын қалау. Балалардың өмірін түрлі келеңсіздіктерден сақтау, денсаулығын нығайту, оларға қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие беру – біздің басты борышымыз.

Біздер болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі – балаларға барлық қажетті жағдай жасау керектігін бір сәт болса да естен шығармауға тиіспіз. Бала болу – бұл ғажап, ал балалық шақ – кез-келген адамның ең бақытты сәттері. Әр бала тек ғажайып пен әсемдікке толы әлемді көруге, өздерін сүйікті және қауіпсіз сезінуге лайық. Әр мемлекет, әрбір ата-ана – балаларды бақытты ету жолында бірлікте қызмет етуі қажет. Балаларды қорғау күні әр балаға мықты отбасы мен бейқам балалық шақ үшін қажеттінің барлығын тілеймін. Өңіріміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін биіктететін келер ұрпақ, Сіздерсіздер

! Алдағы қадамдарыңызға сәттілік тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын, балдырғандар!

Құрметпен, аудан әкімі Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT