Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тергеушілер топ жарды

Сейсенбі күні Қазақстан полициясына – 30 жыл толуына орай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арасында кіші аяқ доптан жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков сөз сөйлеп, тәртіп сақшыларын мерекелерімен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Нұркен Нұғыманов пен  аудандық полиция бөлімі Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Аманжол Ерғалиев ізгі  тілектерін арнады. 

Жарысқа барлығы 4 команда қатысып, шын мықтыны анықтады. Нәтижесінде, тартысқа толы ойында аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері «Жедел тергеу бөлімі» командасы бірінші орынға ие болса, ІІ орынды «Сағыз учаскелік полиция бөлімшесі» командасы, ІІІ орынды «Әкімшілік полиция» командасы иеленді. Полиция копитаны Айбол Жақсыбаев «Үздік қақпашы» атанса, полиция аға лейтенанты Орал Ахатұлы «Үздік ойыншы» атағына ие болды. Жеңімпаз-жүлдегерлер бөлімнің атынан диплом, кубогтарымен марапатталды.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521