Атырау халықаралық әуежайы «Ашық аспан» режимінде жұмыс істеп, халықаралық және ішкі туристер ағынын арттыруда, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы облыс басқармасы түсіндірді. 2024–2025 жылдары 5 жаңа тұрақты бағыт ашылды: Дубай, Баку, Ташкент, Стамбул және Милан. Әуе қатынастарының дамуы өңірге келетін шетелдік туристер санын арттыруға ықпал етуде.
Сонымен қатар әуежай арқылы халықаралық деңгейдегі спорт және мәдени іс-шараларға келушілерді тарту жеңілдеді. Бұл жергілікті қонақүйлердің, кафе мен туристік агенттіктердің жұмысына оң әсер етіп, экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, әуе қатынасы арқылы облыс туристік әлеуетін ілгерілету, ірі спорттық және мәдени іс-шараларға келушілер санын көбейту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.



