Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті

Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесін атап өту мақсатында ұйымдастырылған аудандық спартакиада таңертеңгілік марафоннан басталды.

Ертеңгілік сағат 8.30-да «Водстрой» шағын ауылынан басталған топтасып жүгіру «Арман» мәдениет үйі алдында аяқталды. Ерлер арасында бірінші болып аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Қазбек Айыпқалиев келсе, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Төлеухан Аманжанов екінші, жалпы бөлімнің басшысы Қуанышбек Қазыбеков үшінші болып мәре сызығын қиды. Ал, әйелдер арасында Көздіғара ауылдық округінің бас маманы Салтанат Нұрланқызы І орынды жеңіп алса, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Рыскүл Қайырғали ІІ орынды, аудан әкімі аппаратының бас маманы Анаргүл Ерғара ІІІ орынды иеленді.

8e8af367-6872-4b06-aec7-a856de3faed4

Бұдан кейін Миялы спорт кешенінде спартакиаданың ашылу салтанаты өтіп, онда құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:          

– Мемлекеттік қызметкерлер өз ісімен халықтың мүддесін қорғап, елге қызмет етеді. Өз қызметтеріңізде кәсібилік танытып, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен атқарып келе жатқан Сіздер, бүгін өздеріңізді басқа қырларыңыздан көрсетесіздер. Жұмыс костюмін спорттық жейдеге ауыстырып, саламатты өмірді серік ететін жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеймін, - деді.

9f2e8086-a8ec-48d2-8e61-c8e3d2f49517

Сондай-ақ, салтанатты шарада ауданның Құрметті азаматы, мемлекттік қызмет саласының ардагері Жәния Ізбасқан құттықтау тілегін білдіріп, жарысқа қатысушы әріптестеріне сәттілік тіледі.

94c64a2a-8d66-4f0a-ae37-741db20ca724

Төрт командаға, яғни «Барыс» (аудан әкімі аппараты, аудандық мәслихат аппараты, аудандық сот, аудандық қазынашылық, кірістер, статистика басқармалары, Жамбыл, Қызылқоға және Тайсойған ауылдық округтері), «Жігер» (аудандық ішкі саясат, экономика және қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы, ветеринария және аудандық аумақтық инспекция бөлімдері, Сағыз, Мұқыр ауылдық округтері), «Намыс» (аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдері, Миялы, Тасшағыл ауылдық округтері), «Достық» (аудандық білім, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Ойыл, Көздіғара, Жангелдин ауылдық округтері) командаларына бөлінген мемлекеттік қызметшілер спорттың шағын футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және садақ ату түрлерінен сынға түсті.

34e935b8-99ea-4953-bfac-de7cfbc25843

Нәтижесінде, волейбол мен тоғызқұмалақтан бірінші орын, теннистен екінші орын, ал үстел теннисі мен садақ атудан төртінші орынды иеленген «Достық» командасы І орынды жеңіп алса, «Намыс» командасы ІІ орынды, «Барыс» командасы ІІІ орынды иеленді.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар арнайы медальдармен, дипломдармен марапатталды.

 

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521