Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық жас аяқ допшылар жүлделі екінші орынға ие болды

Соңғы жылдары ауданда кеңірек қанат жайып, қарқынды түрде дамып келе жатқан спорттың бір түрі – футзал. Әсіресе, мектеп жасындағы аяқдопшылардың аяқ алысы қуантады. Оның жарқын дәлелі – таяуда өткен облыстық, республикалық турнирлерде жүлдеге ілінуі. Дәлірек айтқанда, мамыр айында футзалдан облыстық XI жазғы оқушылар гимназиадасы өтіп, сол жарыста ауданның намысын қорғаған команда екінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, ауданның 2007-2008, 2009-2010 жылы туған жасөспірімдері Атырау қаласында биылғы жылдың ақпан-мамыр айларында  өткен «JUNIOR-LIGA» турниріне қатысып, нәтижесінде екі команда да екінші орынды  иеленді. Аталмыш турнирде Бекзат Махат – «Үздік қорғаушы», Ернар Сәуірбай – «Үздік ойыншы» атанды. Жас аяқ допшылардың жеңісі мұнымен шектелмейді. Таяуда Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ-ның құрылғанына 100 жыл толуына орай 13 жасқа дейінгі балалар арасында республикалық турнир өтіп, ауданның құрама командасы  іркітеу сатысында өз тобынан үздік шықты. Алайда, жартылай финалда Ақтау қаласының ойыншыларына есе жіберіп алды.

Ал, үшінші орын үшін болған тартысты ойында Жылыой ауданының командасын жеңіп, қола жүлдені қанжығаларына байлады. Бұл жарыста үздік ойынымен көзге түскен Нұрәли Жексенғали Атырау облысының құрама командасына  алынып,  республикалық турнирде бақ сынауға мүмкіндік алды. Жас аяқдопшылардың байрақты бәсекеде жүлдегерлер қатарынан табылып жүруіне жаттықтырушылары Бауыржан Досқалиев, Бекзат Өтешов, Шыңғыс Серіктердің еңбегі  зор.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521