Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 11 кәсіби спорт клубы жұмыс істейді

Облыста 11 кәсіби спорт клубы қызмет атқарып, 3 722 спортшы жаттығуда, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы облыс басқармасы мәлімдеді. Футбол, волейбол, баскетбол, хоккей және мәнерлеп сырғанау клубтары балалар мен жасөспірімдер академияларын ашып, спортқа жастарды тартуда.

Клубтар жергілікті спортшыларға кәсіби деңгейде жаттығу мүмкіндігін ұсынып, жас таланттарды халықаралық жарыстарға дайындайды. Бұл сонымен қатар жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға, спорттық инфрақұрылымды кеңейтуге септігін тигізеді.

Айта кетейік, қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында «Бейбарыс Атырау» спорт клубында 306 спортшы жаттығып, биыл хоккейден балалар академиясын ашу жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT