Исатай ауданында жастарға арналған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Киберқылмыс және нашақорлықпен күрес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараны Атырау облысы Полиция департаменті мен облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткіден сақтану, интернет алаяқтықтан қорғану жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шарада полиция департаментінің есірткі қылмысына және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бағытындағы мамандары, сондай-ақ цифрлық даму саласының өкілдері жастармен пайдалы ақпараттарымен бөлісті. Кездесу барысында жастарға заң талаптарын сақтау, зиянды әдеттерден аулақ болу және цифрлық қауіпсіздіктің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.



