Бүгінгі тақырып: «ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ: «БІЛМЕДІМ» ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТҚАРА МА?» Соңғы уақытта интернет-алаяқтық, банк карталары мен жеке аккаунттарды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар күрт көбейіп отыр.
Көп жағдайда азаматтар «білмей қалдым», «тек ақша аудардым» деп ойлайды. Ал мұндай әрекеттерге заң қандай баға береді? Қандай жағдайда адам жауапкершілікке тартылады? Осы маңызды сұрақтарға жауап алу үшін студиямызға сала мамандарын шақырдық:
- Нығмет Дәулеткерей Жалғасбайұлы — Атырау қаласы әкімдігі аппаратының Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы
- * Мұханбеталиев Даурен Максимович — Атырау облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны. Сұхбат барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, азаматтардың құқықтық жауапкершілігі және өзіңізді қалай қорғау керектігі талқыланады. Видеоны соңына дейін көріп, пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз.



