Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті. Құрылтайда мемлекет дамуының алдағы бағыты, қоғамды толғандырған өзекті мәселелер ашық айтылды.
Бұл – сөзден іске көшетін уақыт келгенін көрсетеді. Құрылтай отырысында біраз мәселе айтылып, болашаққа бағыт-бағдар берілді. Соның бірі - «Таза Қазақстан» акциясы. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде «Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды. Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз. Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі" деген болатын. Иә, экологиялық жауапкершілік аясында «Таза Қазақстан» бастамасының маңызы ерекше. Бұл – тек сенбілік емес, сана тазалығы. Тазалық әр адамның ішкі мәдениетінен басталады.«Тазалық пен тәртіп – тек орталықта емес, ауылдарда да көрініс табуда деген сөзіне дәлел тазалық акциясы аясында ауданда тазалық жұмыстары жүргізілді. Әлі де жалғасын табатыны сөзсіз.
Ерсағын Құмаров,
аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы



