Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады.
Ал, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу үшін жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу маңызды міндет.
Осы орайда, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында кір тасын көтеруден жарыс өтті. Жарыс нәтижесі бойынша 32 келілік кір тасын 40 рет көтерген Дарын Ізбасар І орынды жеңіп алса, Әлфараби Лесұлы 31 рет көтеріп ІІ орынды, ал Нұрболат Ғизат 29 рет көтеріп ІІІ орынды иеленді. Аталмыш бөлім атынан жарыс жеңімпаздарына арнайы диплом, медалдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Бауыржан ОҚАС