Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызметінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық туралы баспасөз конференциясы өтті

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық туралы баспасөз конференциясы өтті.

Іс-шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев және «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сабитов қатысты. Абылай Қондыбаев өз сөзінде іс-шараға дайындықтың соңғы кезеңде екенін атап өтіп, ақпараттық қолдау көрсетіп, маңызды оқиғаны насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне Дирекция атынан алғысын білдірді.

«Біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын асыға күтудеміз. Осы айтулы оқиға қарсаңында дайындық қызу жүріп жатқанын атап өткім келеді және біз қатысушыларды жоғары деңгейде қарсы алатынымызға сенімдімін», - деді Абылай Қондыбаев.

Оның айтуынша, Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Мұның ішіне жаттықтырушылар мен спортшылар кіреді. Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны - 581 дана. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 млн тг. Сыйақы ойындардың бас серіктесі Халық банк тарапынан қарастырылған. Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Ал мәдениет бағытында Этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара өтеді және мәдени бағытта барлығы 5600 қатысушы бар. Оның ішінде этникалық мәдени топ өкілдері мен әнші-бишілер, эстрада жұлдыздары кіреді. Этноауыл ресми түрде 7 қыркүйектен жұмысын бастайды. Көрермендер мен қатысушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы тасымалдау көліктері ұйымдастырылды: қонақтарды қабылдау үшін 20 астаналық қонақ үй мен 331 көлік құралы жұмылдырылады.

Қатысушылар үшін қонақ үйлерден спорттық нысандарға арнайы шатл басстар ұйымдастырылады. 8 қыркүйекте, Ашылу салтанатына көрермендер үшін бірнеше қабылдау пункттері ашылады. «Астана Арена» стадионында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Ашылу салтанатына қатысушыларды автобустармен жеткізу ұйымдастырылады. Осы орайда Дирекция өкілі БАҚ өкілдеріне арналған маңызды мәлімдеме жасады. «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі кезінде 8 қыркүйек күні сағат 16:00-ден бастап «Қазмедиа орталығы» орталық баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады. Журналистердің ақпарат таратуына ыңғайлы болуы үшін Ойындардың ашылу салтанаты «Қазмедиа орталығында» ұйымдастырылған баспасөз орталығында тікелей эфирден көрсетіледі.

Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында «Қазмедиа орталығындағы» баспасөз орталығымен қоса «Қазанат» ипподромында, Ж. Үшкемпіров атындағы ипподромында, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында баспасөз орталықтары жұмыс істейтін болады. Этноауылда арнайы студия ретінде жабдықталған киіз үй жұмыс істейтін болады», - деді өз сөзінде. Оның айтуынша, ойындарға қазақстандық және халықаралық БАҚ қызығушылық танытқан. Баспасөз аккредитациясының жалпы саны 64 елден 1185 өтінімді құрады. Олардың ішінде CNN, BBC, Euronews және т.б. сияқты әлемдік жетекші БАҚ өкілдері бар. Жарыстың барлық кезеңінде негізгі спорт нысандарында баспасөз орталықтары жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Абылай Қондыбаев наурыз айының соңында жарыстарға билеттер сатыла басталғанын айтты. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ересектерге арналған билеттерінің құны 500-ден 15 000 теңгеге дейін құрайды. Ал билеттердің орташа бағасы - 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкүндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған бағалар қарастырылған.

« Қазіргі таңда Ойындар алдында волонтерлер белсенді жұмысқа кірісті. Ойындар кезінде барлығы 1300 волонтер қызмет атқарады. Волонтерлерден ойын алдында барлығы 4500-ден астам өтінім келіп түсті», - деп қосты ол.

Оның айтуынша, ойындарға қазақстандық және халықаралық БАҚ қызығушылық танытқан. Баспасөз аккредитациясының жалпы саны 64 елден 1185 өтінімді құрады. Олардың ішінде CNN, BBC, Euronews және т.б. сияқты әлемдік жетекші БАҚ өкілдері бар. Жарыстың барлық кезеңінде негізгі спорт нысандарында баспасөз орталықтары жұмыс істейді. Абылай Қондыбаев бұл шараға 560-қа жуық спорттық жылқы келетінін, оларды орналастыруға және ветеринарлық күтімге барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Ойындар жабылуы 13 қыркүйекте өтеді. Жабылу салтанатында келесі өткізуші мемлекетке белгілі болады. “5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары жылдың ең маңызды тарихи оқиғасы болмақ. Әлем көз тіккен дүбірлі додада бізбен бірге болатындарыңызға қуаныштымыз”, - деп, Абылай Қондыбаев сөзін түйіндеді.

Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов Қазақстан құрамасына қатысты «5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын барлық 21 спорт түрі бойынша 216 спортшы қорғамақ. Спортшылардың дайындық мәселесіне келсек, 2024 жылы ақпан айынан бастап 11 ұлттық спорт түрлері бойынша 42 оқу-жаттығу жиындары өтті. Сондай-ақ 7 қыркүйекке дейін Астана қаласында барлық 21 спорт түрінен соңғы оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр», - деп түйіндеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521