Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда II театрішілік фестиваль өтеді

Атырауда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында екінші театрішілік фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бағдарламаға 2025 жылы сахналанған қойылымдар енгізілген. Олардың қатарында репертуардағы спектакльдер, сондай-ақ театр труппасының эксперименттік бағыттағы жұмыстары да бар. Фестивальдің басты ерекшелігі — қойылымдарға сарапшылар мен театр сыншыларының шақырылуы. Олар шығармашылық ұжым жұмысын кәсіби тұрғыда бағалап, бағыт-бағдар бермек. Театр директоры Сағынтай Көпжасаровтың айтуынша, мұндай фестивальдер актерлердің кәсіби деңгейін арттырып, театрдың шығармашылық дамуына серпін береді.

– Мұндай фестивальдер тәжірибе алмасуға және мамандар тарапынан әділ баға алуға мүмкіндік береді. Бұл бізге өзіміздің басым тұсымызды айқындап, жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтауға көмектеседі, – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылы театр репертуарлық және премьералық қойылымдарды қоса алғанда шамамен 80 спектакльді көрермен назарына ұсынды. Театр тарихында отандық және шетелдік драматургия негізінде 400-ге жуық қойылым сахналанған. Олардың арасында тарихи тақырыптағы және классикалық шығармалар да бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT