Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды.
Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Еске салайық бұған дейін Давид Дегтярев Париж төрінде алтыннан алқа таққан. Ол осылайша Қазақстан тарихындағы алғашқы екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Дәл қазір Қазақстан қоржынында екі алтын, бір күміс және бір қола медаль бар.