Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

 Жаңа Конституция Қазақстанның саяси және құқықтық дамуындағы маңызды қадам. Бұл құжат қоғамдағы өзгерістерге бейімделіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заманауи талаптарға сай қорғауға бағытталған.

Конституцияның басты құндылығы – заң үстемдігін қамтамасыз етуі және мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуы. Жаңа нұсқада билік тармақтарының теңгерімі, адам құқықтарының нақты кепілдіктері және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктері күшейтілген. Ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарының күшеюі мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, әділ басқару жүйесін қалыптастыруға көмектеседі. Ол тек заңдық құжат қана емес, ол қоғамның ортақ келісімі мен болашаққа деген көзқарасының көрінісі деп білеміз. Оның тиімділігі әр азаматтың заңды құрметтеп, белсенді ұстаным танытуына байланысты. Сонда ғана конституциялық реформалар елдің тұрақты дамуына және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етеді.

 Асқар АҚТАЕВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT