Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Өткен жылы Исатай ауданында 1600-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

Исатай ауданының әкімі Нұрым Мусин брифинг барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен негізгі атқарылған жұмыстар туралы баяндады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Былтыр Исатай ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жүйелі жұмыс атқарылған. Соның ішінде жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қолдау және инфрақұрылым салалары негізгі басымдық ретінде айқындалды.

– Өткен жылы аудан бойынша 1 580 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Оның ішінде 836 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл – тұрғындардың табысын арттыруға және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған нақты нәтиже, – деді аудан әкімі Н.Мусин.

 Ауыл шаруашылығы саласында да өсім байқалды. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 12,2 млрд теңгені құрады. Ет және сүт өндірісі артты, ірі қара, жылқы және түйе саны көбейді. Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп, қажетті көлемнің басым бөлігі дайындалды. Мал азығы аудан аумағында да, көршілес өңірлерден тасымалдау арқылы да қамтамасыз етілді. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында бірқатар нысан жаңғыртылып, Аққыстау ауылында 250 орындық өнер мектебі пайдалануға берілді. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «ALAQAN» цифрлық платформасы енгізілді. Денсаулық сақтау саласында орталық аурухана күрделі жөндеуден өтті. Ауылдық елді мекендерде жаңа медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Жалпы өлім көрсеткіші төмендеп, туберкулезбен алғаш анықталған науқастар саны азайған. Аудан әкімінің сөзінше, инфрақұрылымды дамыту бағытында аудан бойынша жолдарды жөндеу, электр және су желілерін жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілді.

 - Аудан халқының ауыз сумен қамтылу деңгейі 98,6 пайызға жетіп отыр. Біраз елді мекенде жазғы су желілері тартылып, тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді, - деді ол.

Мәдениет және спорт саласында жыл бойы мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, мыңдаған тұрғын қамтылды. Бұқаралық спортпен айналысатындар саны артып, жаңа спорт нысандары пайдалануға берілді. Брифинг соңында аудан әкімі алдағы кезеңде де әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT