Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанға Біріккен күрес әлемі президенті келді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды.  

Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. 

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі. Ненад Лаловичтің Қазақстанға келуі отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық палуандар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT