Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Дзюдодан ел чемпионатында атыраулық команда жеңіске жетті

Ақпанның 11-16 аралығында Таразда өткен чемипонатқа еліміздің 16 қаласынан 18-20 жастағы 750-ге жуық спортшы қатысып, жерлестеріміз командалық сайыста топ жарды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жекелей сында Табылды Биғамбаев 60 кг салмақта алты кездесу өткізіп, үшінші орынға қол жеткізді. Қыздар арасындағы жекпе-жекте Гүлхан Шыңғысхан 52 кг салмақта өнер көрсетіп, екінші орынды қанжығалады. Дәмелі Асылханова 63 кг, Айымзада Думанқызы 78 кг салмақта белдесіп, үшінші орынды иеленді.

- Командалық бәсекенің бірінші айналымында Павлодар облысын 4:2, екінші кезеңде Жамбыл облысын 4:3, үшінші айналымда Түркістан облысын 4:2 есебімен қорытындыладық. Финалдық белдесуде Жетісу облысы командасын 4:1 есебімен ұттық. Бұл жетістікті жастар арасындағы Атырау облысының тарихи жеңісі дей аламыз. Осы чемпионат үшін желтоқсанда облыстық іріктеу өткізіп, облыстық қыздар арасындағы аға жаттықтырушы Қалжан Тайжановамен бірге дайындықты бастадық. Жеңімпаз атанған спортшыларымыз әлем, Азия чемпионаттарына жолдама алды, - деді облыстық жастар командасының аға жаттықтырушысы Нұрболат Қанатов.

Спорттық додаға облыстан 25 спортшы қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT