Таяуда, Ойыл ауылдық округінің жастары бірігіп ауыл мешітінің құрылысына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында кіші аяқдоптан турнир өткізді. Турнирге ауыл жастарынан құралған 16 команда қатысып, бақтарын сынады.
1986-2006 жылғылар арасында өткен ойын екі күнге созылып, тартысты өтті. Нәтижесінде, 2000 жылы туған жастардан құралған команда І орынды иемденсе, 1995 жылғы жастар құрамасы ІІ орынға, 2003 жылғылар ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, Бақдәулет Аслан «Үздің сұрмерген», Мейрамбек Елеубаев «Үздік қорғаушы», Айбек Ақсеренов «Үздік шабуылшы», Асылбек Қоныс «Үздік қақпашы», Айдарбек Әбілхайыров «Әдемі гол соққан ойыншы» атақтарымен марапатталды.
Гүлмира МАҚСОТ
Достықты ту еткен дода
- Информация о материале
- Спорт
- : 1825