Кеше ардагер ұстаз Шойын Ізімқұловтың 70 жас мерейтойы құрметіне орай Миялы спорт кешенінде волейболдан аудандық жарыс өтті.
Жарыста үздік ойынмен көзге түскен Д.Бауыржанұлы мен Н.Сағындықов үздік деп танылса, І орынды тасшағылдық волейболшылар жеңіп алды. Ал, "Жасқайрат" командасы екінші орынды, "Көздіғара" командасы үшінші орынды иеленді.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге Шойын Ізімқұлов отбасы атынан арнайы жүлделермен марапаттап, естелік суретке түсті.