Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Жұмысшылар жылы» – жарқын жобалар бастауы

«Еңбек бәрін жеңбек» дегендей, ықылым заманнан дана халқымыз көп дүниенің түйінін тарқатып кеткен. Жалпы жаһандық жаңалықтарды ашып, әлемді өзгертетін де білім мен еңбекке құмар бастамашыл топ. Соны білген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды «Жұмысшылар жылы» деп атап, марапатқа лайықтылардың мерейін өсірді. Ел Президентінің бастамасымен жаңа жылда көптеген жобалар ұйымдастырылып, жұмыстар жасалатыны сөзсіз.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында:

- Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді,-деген еді.

- Елдің ертеңі – жастар. Жалындаған жастардың жайлы жерде білім алуы – басты міндет. Бұл жолда да өңірімізде бірқатар жұмыстар жасалмақ. Ол туралы облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов: - Студенттерге жайлы орта жасау мақсатында 3 колледжде жалпы саны 750 орындық жатақхана салынады. Сондай-ақ, 3 колледждің жұмыстарына өзгерістер енгізіліп, өндірістік цехтарды ашу жоспарланып отыр. Оған қоса 17 колледжде қайталанатын 21 мамандықты 5 оқу орнының базасына жинақтау арқылы мамандардың кәсіби құзыретін арттыруға мүмкіндік жасалмақ. Бүгінде өңірге қажетті мамандықтардың нақты тізімі дайындалып, 8 мамандықты оқыту үшін колледждерді дайындау, оқытушылардың біліктілігін және кәсіби құзыретін дамыту бағытында бірқатар іс қолға алынуда. Атырау қаласындағы О.Көшеков атындағы агротехникалық колледждің жанынан 420 орындық құзыреттік орталық салу арқылы жас мамандардың тұрақты тәжірибе жинауына жағдай жасау — алға қойған міндеттердің бірі, - деді.

- Ел Президентінің бастамалары іс жүзінде жүзеге асар болса, келешек ұрпақ үшін керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Өзім жастармен жұмыс жасағандықтан, өскелең ұрпақ арасында мемлекетке пайда тигізгісі келетіндерді көп көремін. Кешегі қара қазан, сары баланың қамы үшін басын бәйгеге тіккен Махамбеттер біздің де арамыздан шығары анық. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін адал жұмыс атқарар болсақ, еңбектің наны тәтті болары сөзсіз. Ал, адал жұмысшылардың мерейі ар алдында да, заң алдында да әрқашан биік тұрады.

Әлібек АМАНДЫҚ,

аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT