Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы жастың қолында - ел болашағы

Мемлекетіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.

Бұл бастама — еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жастарды нақты кәсіпке бағыттауға үлкен серпін беретін маңызды қадам. Бүгінгі таңда қоғамға түрлі салада кәсіби шеберлігі жоғары жұмысшы мамандар қажет. Еліміздің дамуы дәл осындай еңбек адамдарының табандылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сол себепті, әр жас өз кәсібін дұрыс таңдап, қоғам игілігіне қызмет етуді мақсат етуі керек деп санаймын. Жастар ресурстық орталығы жастардың кәсіби дамуына, еңбекке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі жобалар мен кездесулер өткізіп келеді. Біз үшін әрбір жас — болашақтың иесі, ел ертеңі. Ал олардың өз мамандығына адал, еңбексүйгіш болуы — ең үлкен жетістік. «Жұмысшы мамандықтар жылы» — жастарды еңбек мәдениетіне тәрбиелейтін, өмірлік жолын айқындайтын маңызды жыл болмақ.

Г.МУХТАРОВА,

аудандық Жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастар жөніндегі маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT