Биылғы Жолдауда кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, отандық өнім өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашу мәселелеріне айрықша тоқталып өткені қуантады.
Бұл бастамалар – ел экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына негіз болмақ. Бизнестің өркендеуі үшін әділ бәсекелестік, қолжетімді қаржыландыру және жаңа технологияларды енгізу аса маңызды. Осы бағыттарда жасалған қадамдар кәсіпкерлердің сенімін арттырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.
Айбек САЙЛАУ,
кәсіпкер