Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жаңа BINOM мектебіне оқушыларды қабылдау басталды

Атырау қаласының "Ақ шағала" ықшамауданында «Жайық» BINOM SCHOOL мектебі ашылады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа мектеп екі ауысымда 4 мың оқушыны оқытады. Оқыту бағдарламасы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, отандық білім беру моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Сабақтардың 80%-ы қазақ тілінде, 20%-ы орыс тілінде жүргізіледі.

-  Құрылысы аяқталған мектепті қабылдау осы жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Оқу процесі 8 қаңтарда толыққанды басталады. Қазір  мектепке оқушылар мен мұғалімдерді қабылдау  жүргізілуде. Бүгінге дейін 500-ден астам оқушы мектепке қабылдау үшін өтініш білдірген,- деді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Мектеп кітапханасында 10 мыңнан астам кітап жинақталған. Мұғалімдер екі кезеңдік конкурс арқылы іріктелген тәжірибелі педагогтардан тұрады. Мұнда инклюзивті білім беру қарастырылған, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға барлық мүмкіндік жасалған.

Өтініштер Д.Қонаев атындағы BINOM мектебінде қабылданады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT