Облыс әкімдігінде «Әділетті Қазақстан — адал азамат» тақырыбы аясында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегерлері мен жас мемлекеттік қызметшілер арасында еркін форматтағы кездесу өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиынға Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай, облыс әкімі аппаратының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина және Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Серікқалиұлы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, жастарды адал әрі парасатты қызметке ынталандыру және Атырау облысының жас мемлекеттік қызметшілері арасында өзара таныстықты нығайту.
Кездесу барысында жастар тарапынан қызмет пен отбасын қатар алып жүруге, бүгінгі замандағы білімнің қоғамда алатын орнына қатысты маңызды сауалдар қойылып, жауап алынды.



