Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ

Жақында Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғалымдары өздерінің «Өнеркәсіптік ағынды суларды тазалау» бойынша ғылыми зерттеу жобасына патент алды.

Аталмыш университетегі лабораторияның жетекшісі Маржан Досмағамбетованың айтуынша, өнеркәсіптік ағынды суларды тиімді тазалау бағытында университет ғалымдары екі патентті қорғады. Алғашқы әдіс ағынды су құрамындағы мұнай қалдықтарын таза оттегімен аэрациялау тәсіліне негізделген. Таза оттегі құрамында 100 пайыз оттегі бар, оның ауаға қарағанда тазарту тиімділігі бес есе жоғары. Екіншісі өнеркәсіптік ағынды судың құрамындағы мұнай қалдықтарын табиғи сіңіргіш материалдар көмегімен сорып алу әдісі. Әлемдік деңгейде мұнай қалдықтарын жою үшін негізінен қамыс қолданылып келеді. Университет ғалымдары зерттеу барысында төрт түлік малдың қылын пайдалану мүмкіндігін дәлелдеді. Бұл табиғи сіңіргіш материалдардың басты ерекшелігі – олардың мұнай өнімдерін ғана емес, хлор сияқты зиянды заттарды да өзіне сіңіреді. Бұл жетістіктер жас ғалымдар мен студенттердің жаңа идеяларын қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Ендеше, университет ғалымдарының бұл жобалары мұнай-газ саласындағы экологиялық мәселелерді шешуде оң нәтиже көрсетсе игі дейсің.

Бауыржан ОҚАСҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT