Қызылқоға аудандық сотында тәуелсіз еліміздің ұлттық құндылықтарының бірі, адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі ретінде - бітімгершілік институтының маңыздылығын насихаттауда және татуластыру рәсімдерінің, оның ішінде медиация әдісімен, Билердің жәрдемдесуімен татуласу жұмыстарын дамытуда «Тәуелсіздік тірегі – татулық» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге «Атырау облыстық Билер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Қызылқоға ауданы бойынша жұмыс тобы мүшелері және Миялы ауылдық округі бойынша қоғамдық медиаторлар шақырылды. Кездесуді аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Жақсылық Қонысбаев ашып, бүгінде біздің елімізде бітімгершіліктің мектебін заң тұрғысынан жетілдіруде, оның ішінде медиация әдісімен, Билердің жәрдемдесуімен татуласуды қолдануға, оны әрі қарай дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын жан-жақты айта келіп, үстіміздегі жылдың қортындысымен аудандық сотта татуласу рәсімдерін қолдану көрсеткіштері мен тиімділігін тарқатып айтты. Бұдан кейін, дауларды сотқа жеткізбей шешуде, қоғамдық медиаторлар мен Билер Кеңесінің жұмыстарын тыңдап, сауалдарына жауап беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Шараға төрағалық етуші, Билер мүшелері мен қоғамдық медиаторларды 16 желтоқсан – тәуелсіздік күнімен құттықтап, Билер институтын жетілдіруге, тараптарды татуластыруға қосқан зор үлестері үшін ризашылығын білдіріп, қоғамдық негізде атқарып жатырған игі жұмыстарына зор алысысын білдіріп, оларға аудандық соттың атынан арнайы алғыс хаттар табыстады. Билер мүшелері мен қоғамдық медиаторлар өздеріне көңіл бөліп, маңызы зор шара ұйымдастырған төраға міндетін атқарушы Жақсылық Қонысбаевқа шынайы алғыс айтып, ақ баталарын берді. Шара соңында қарттарымыз ақ дастарханнан дәм татып, өмірлік тәжірибелерінен сыр шертті.
Атырау облысы Қызылқоға аудандық соты.



