Президенттің Жолдауында атап өтілген Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру – еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды шешім. Бұл – тек жаңа мемлекеттік құрылым емес, Қазақстанның технологиялық болашағына жасалған нақты қадам.
Бүгінгі күні цифрлық даму – экономиканы жаңғыртудың, білім мен ғылымды ілгерілетудің, мемлекеттік қызметті тиімді етудің басты тетігіне айналды. Жасанды интеллектті дамыту арқылы өндіріс, ауыл шаруашылығы, медицина және білім салаларында сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік тумақ.
Бұл шешім – еліміздің инновациялық әлеуетін арттырып, «ақылды экономика» мен «ақылды қоғам» құру жолындағы стратегиялық бастама. Президент Жолдауындағы бұл бағыт Қазақстанның жаңа цифрлық дәуірге батыл қадам басқанын көрсетеді.
Тілек Бурабай, зейнеткер
                                    
            
            
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						

