Аудан көлемінде 15-26 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Жедел алдын алу іс-шарасы барысында профилактикалық есепке алуға жататын адамдарды, спирттік ішімдіктерге, отбасы-тұрмысы саласында құқық бұзушылықтар жасайтындарды, тұрмысы төмен отбасыларды есепке алу жүргізіледі.
Ішкі істер органдарында есепте тұрған «Қорғау нұсқамасы шығарылғандар», «Ерекше талаптар белгіленгендер», «Алкогольдік өнімдерді шамадан тыс қолданатындар» санаттарымен тұрған адамдарды бөлімнің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторлары және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторымен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріліп, олармен жеке-профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Қызылқоға аудандық полиция бөлімі