Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Балықтарға қауіп – экологияға сын

«Қыстың көзі – қырауда» демекші, күннің күрт суытуы мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты облыс аумағындағы су айдындарының беті мұз қатып, қармен жабылады. Мұндай табиғи құбылыс судағы оттегі мөлшерінің күрт азаюына әкеліп, ондағы тіршілікке, әсіресе балықтардың өміріне елеулі қауіп төндіреді. Оттегінің жетіспеушілігі салдарынан «су маржандарының» тұншығып, жаппай қырылу қаупі туындайтыны тәжірибеде дәлелденген.

a8a03e7d b947 4adb 9cb4 37c0d00e952c

Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және биологиялық әртүрлілікті сақтау міндеттерімен тікелей үндеседі. Президент табиғатты қорғау – елдің тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

e0cb940a 1750 478b 9104 99d889090396

«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашевтің айтуынша, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін аэрация жұмыстарын уақтылы жүргізу аса маңызды. Осы мақсатта инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі құрылымдардың қызметкерлерімен бірлесіп, балықтардың қырылу қаупі бар су айдындарына оттегі жіберу жұмыстарын ұйымдастыруда.

Нақтырақ айтқанда, Махамбет ауданына қарасты Алға ауылындағы «Ұлышығанақ», «Гагушкин» су айдындарында, Есбол ауылдық округіне кіретін «12-ауыл», «13-ауыл», Ақжайықтағы «8-ауыл», «Ақтөбе көлі», сондай-ақ Бейбарыс аумағындағы Жайық өзенінен бөлініп қалған жайылма суларда аэрация жұмыстары жүргізілді. Бұл су айдындарында көлемі 2х3 метр болатын 8 ойық жасалып, 10 үкі ойылды. Сонымен қатар мотопомпаның көмегімен 100 м³ су айдалып, оттегі мөлшерін арттыруға мүмкіндік туды. Аталған жұмыстарға 55 адам мен 10 техника жұмылдырылды.

b84ece78 e4c9 4e5c 81a7 2a3be8ee625d

Осындай шаралар Индер ауданының Көктоғай ауылындағы «Разбойное», Өрлік ауылындағы «Церковное», «Павловское», Елтай елді мекеніндегі «Үлкен-Елтай» және «Кіші-Елтай» су айдындарында да атқарылды. Мұнда көлемі 2х3 метр болатын 10 ойық пен 130 үкі ойылып, судың алмасуын қамтамасыз ету үшін 2600 м³ су айдалды. Жұмыстарға 62 адам мен 16 техника тартылды. Бұдан бөлек, Атырау қаласы аумағындағы «Безымянный» су айдыны да аэрациямен қамтылды.

Жалпы облыс бойынша 20 ойық жасалып, 160 үкі ойылып, 2700 м³ су айдалды. Аталған шараларға барлығы 124 адам мен 28 техника қатысты. Қазіргі уақытта әуесқой балықшылар тарапынан мұз ою жұмыстары жалғасуда. Ал балықтардың тұншығып қалуына жол бермеу үшін инспекция мамандары бақылау-қадағалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Президент Жолдауында айтылғандай, экологияны қорғау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Табиғат байлығын сақтау – болашақ ұрпақ алдындағы маңызды міндет.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT