Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Аймақта жұмыссыз азаматтарға арналған тегін кәсіби оқыту курстары басталды

Биыл бағдарлама аясында 55 адам еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша білім алады. Курстар «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

    ⁃    Оқыту аккредиттелген оқу орталықтарының базасында жүргізіледі. Бағдарлама токарь, аргондық дәнекерлеуші, инертті газ ортасында қолмен дәнекерлеу, бұзылмайтын бақылау, сондай-ақ жарылуға төзімді электрлік және бақылау-өлшеу құралдарын инспекциялау мен аудиттеу бағыттарын қамтиды, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының басшысы Полымбет Хасанов.

Жоба аясында Жылыой ауданының тұрғындарына ерекше басымдық берілген. Ауданнан 12 адам оқуға жолданды. Оқыту қаңтар–сәуір айлары аралығында өтеді. Қатысушылар теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды меңгереді. Бағдарлама мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT