Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шекарашылар 5 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады

фото: egemen.kz

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 35 487 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады.

Оның 1094 -і шетел азматтары. Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 соның ішінде: 444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам; 389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар); 279 – діни әдебиеттер (7 103 дана); 3 112 – жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр); 2 986 – жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар; 816 – жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ: жалпы ұзындығы 738 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 3 463 дана (20 276 кг) бекіре тұқымдас балықтар; 45 332 дана (67 899 кг) ұсақ тұқымдас балықтар; 23 250 дана (10 238 кг) шаян тұқымдастар. Алды алынған залал сомасы 7 млрд астам теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

ҰҚК баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT