Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЛУДОМАНИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Жақында аудандық сотта «Лудомания – қоғамның қауіпті дерті»  тақырыбында сот әкімшісі мамандарының арасында семинар болып өтті.

Семинарда сот әкімшісі басшысы Гауһар Шелтеуова аталған тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ, лудомания бойынша әзірленген бейнеролик көрсетіліп, сот мамандарының назарына ұсынылды. Сонымен қатар, шара барысында «Лудомания» сөзіне түсінік беріліп, латын тілінен аударғанда ойынқұмарлық екеніне тоқталды.

Бұл тақырып бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Тіпті қоғамдағы қауіпті дерт – норкоманиядан да қауіпті болып тұр. Оңай жолмен ақша тауып, құмар ойынға құныққан азаматтар көбейіп, бәс тігіп, түнімен букмекерлік кеңсені торуылдап, уақытын текке өткізген жандарды көргенде жаның түршігіп, ойынқұмарлықты уақытында емдемеген жағдайда нәтижелері өте ауыр болатыны сөзсіз. Кейбір лудомандар отбасын жоғалтып, өз өміріне қол жұмсайтыны жасырын емес. Осы турасында, семинарда сот әкімшісінің мамандары да өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

Аудандық соттың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT