Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы: Атырауда 1 күнде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жасөспірім балалардың құқықтарын бұзу, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында Атырау облысы аумағында 27-29 шілде күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара кезінде атыраулық полицейлер ІІО-ның есебінде тұрған жасөспірімдер мен жайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, нашақорлықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда.

“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасының бір күнінде барлығы 97 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде:

- кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болу -84;

- кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау - 10;

- кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру бойынша -3 дерек анықталып, тиісті іс-шаралар қолданылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT