Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты - әрбір азаматты табиғатқа ұқыпты қарауға баулу

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен жылдың басынан бері бүкіл ел бойынша 1,4 млн тонна қалдық жиналып, елді мекендерде 2 млн 400 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 9 млн адамды құрады, оның ішінде 448 мыңы еріктілер. «Таза Қазақстан» бастамасы тек қоқыс жинаумен немесе ағаш отырғызумен шектелмейді.

Бұл әлдеқайда терең және ауқымды жоба. Оның басты мақсаты – қоғамда экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру. Біздің басты міндетіміз – әр азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын өзгерту. Біз қоршаған ортаны қорғау, оған ұқыпты қарау жай ғана міндет емес, күнделікті өмір салтымыздың ажырамас бөлігіне айналуына ұмтыламыз», – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Ол балаларға ағаш өсіру дағдыларын үйрету жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл оларға кішкентай тұқымның толыққанды ағашқа айналуы үшін қанша уақыт қажет екенін түсінуге көмектеседі. Биыл еліміз бойынша 236 мектептен 12 мыңнан астам оқушы 36 мың тұқым отырғызды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT