Аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Skills.Enbek.kz» платформасы арқылы онлайн оқу курсы аясында студентерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тегін онлайн оқу курсы жүргізілуде.
Курс аясында «Сенің мансаптық бастамаң: «Электронды еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларына үйренуде.
– Жұмысшы мамандықтар жылына орай 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне мансап орталықтары арқылы онлайн оқу курсын ұйымдастырудамыз. Қазіргі таңда орталық мамандары аудандағы мектеп оқушылары мен Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің студенттеріне 8 сабақтан құралған курсты өткізуде. Бұл жерде аталған платформаның маңыздылығы, пайдалану реті, тәртібі, мүмкіндіктері түсіндіріліп отыр. Курс соңында қатысушылар тестілеу тапсырып, арнайы сертификатқа ие болады. Жалпы жыл аясында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын таба бермек, - дейді аудандық «Мансап» орталығының директоры Динара Мусина.
Онлайн курсқа қатысушылар бос жұмыс орындары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат алып, еңбек нарығына қарай дағдыларын қалыптастырмақ.
Ж.НАРИМАНОВА