Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЕЛ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖАСАЛҒАН ҚАДАМДАР

 Бүгін Қызылорда қаласында V Ұлттық құрылтай өтіп жатқаны белгілі. Бұл мәртебелі жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысып, ұлттың мүддесіне қатысты бірқатар мәселе көтерді. Президент кіріспе сөзінде: «Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр.

Бұл Форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде жиналдық. Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршын-кент қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз» деді. Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Осының өзі Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудоманияға, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіле бастады. Ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді. Сол арқылы еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті. Сонымен қатар құрылтай мүшелері өткен жылғы жиында ішкі саясат саласын ретке келтіру туралы бастама көтерді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Мұның бәрі ел мүддесі үшін жасалған нақты қадамдар. Сол сияқты бүгінгі құрылтайда да бірнеше ауқымды мәселелер көтеріліп, алдағы уақытта жүзеге асатын саяси реформалар айтылды. Соның ішінде бір палаталы парламент құру, президент сайлауына енгізілетін өзгерістер сынды мәселелер халықтың көңілінен шықты деп есептеймін.

Жаңыл ЖҰБАЕВА,

 ауданның Құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT