Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Су қоймаларын жаңғыртса, артық етпес еді

Президенттің биылғы Жолдауының  әр бағыты  маңызды.  Мемлекет басшысы елдің болашағы үшін ең алдымен өндіруші өндіріске көңіл бөлуді,  атап айтсақ шикізат өндіріп қана қоймай, одан жасалатын өнімдерді сыртқа шығару, саудалау мәселесін де көтерді.   Тағы бір мәселе-ауыл шаруашылығына қатысты.   Айталық,  «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы оң нәтижесін беріп отыр.   Сонымен қатар агроғылымды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау,  сырттан келетін  азық-түлікті азайту керектігі де айтылды. 

Одан кейін бұрынғы су қоймаларының 60-70 пайызының тозғандығына айрықша көңіл бөліп, үкіметке су қоймаларын  жаңғырту, жаңа су қоймаларын салуға тапсырмалар берді.   Енді  су шаруашылығына қажетті мамандар даярлайтын оқу орындарының ашылуы күн тәртібінің басты мәселесі болмақшы.

Б.Қыдыров,

Махамбет ауылдық округінің басмаманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT