Отбасы банкте өтінімдерді қабылдау 25 қыркүйекке дейін жалғасады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ипотекалық бағдарламалар бойынша қаладағы Өркен, Балықшы, Көкарна ықшамауданынан және облыс аумағындағы Индербор кенті, Махамбет ауданы Ақжайық ауылы, Мақат ауданы Доссор кенті, Құрманғазы ауданы сондай-ақ, Құлсары қаласы мен Жаңа қаратон ауылынан екінші нарықтағы үй алуға болады. Қазір бағдарламалардың шарттары бір жүйеге келтірілген.
Қатысушылар үшін:
- салымды жинақтау мерзіміне шарттар қойылмайды, депозитті өтінім берер алдында ашуға болады;
- заемдардың максималды сомасы ұлғайтылды – Астана, Алматы қалаларында 36 млн теңге және басқа өңірлерде 30 млн теңге;
- Алматы және Астана қалаларында тұрғын үй сатып алу орны бойынша тіркелу талабы жойылды;
- халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы тұрғын үйге мұқтаж жан ретінде есепте тұрған адамдар үшін сыйақы мөлшерлемесі 7%-ға дейін төмендетілді. Биыл сәуірде осы аталған бағдарламалар бойынша 170 өтінім мақұлданған.