Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді. Жас Мемлекеттің ірге тасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс - мемлекетік қызметшілерге жүктелді.
Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадрлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.
Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-әдептілік бейне, адамгершілік әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» қалыптасып, мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болар еді. Осы тұста, әрбір мемлекеттік қызметші «Өзің де жан - өзгені де жандыр» - деген ұлы қағиданы ұстана отырып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтап, өзінің қызметіне жауапкершілікпен қараса – қоғам тарапынан мемлекеттік қызметке сенімі мен жағымды көзқарасы қалыптасуына негіз болатыны сөзсіз екенін білген жөн.
Д.М. Китенбаева,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі