Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың екінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы еліміздің қазіргі саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуында маңызды құжат болып табылғаны рас. Себебі жолдауда еліміздің болашағын қалыптастырудағы негізгі бағыттар айқын көрсетілген. Одан бөлек экономиканы цифрландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және халықтың өмір сапасын арттыру шаралары мемлекет басшысының жолдауында айрықша орын тапқан. Президентіміз әрдайым халықтың талап-тілектерін ескеруге және олардың мәселелерін шешуге жиі мән беруде.
Сонымен қатар, жолдауда айтылған реформалар мен жаңа бастамалар елдегі демократиялық процестердің дамуына ықпал етуі мүмкін. Және Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен ішкі даму барысы да жиі назарда болып, бұл өз кезегінде мемлекетіміздің сыртқы саясатында да маңызды өзгерістерге ықпал етері анық. Ал бұл экономика мен қоғамдағы өзгерістерді жеделдетеді.
Бұл тұста жолдаудың ел дамуына жаңа серпін беру мақсатындағы жасалған тың қадамдар болып табылатындығын және оның жүзеге асуы тек уақыт пен тиісті басқару механизмдерінің тиімділігіне байланысты екендігін растауымыз қажет. Ол үшін халық пен билік арасында жақындық орнап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасалуы қажет деп ойлаймын.
Жаңылсын Сүгірова,
қала тұрғыны