Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Маңызды мәселелерге назар аударылды

Президент Жолдауда Қазақстанның  бейбітшілік, эволюциялық жол ұстанымын берік ұстанатынын айтты.  Ішкі саясатта қазіргі жағдай қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында әділетті принцип орнатуға, бір мәселе бойынша әртүрлі пікірлерді есепке алуға, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға баса назар аудару көзделді.  Бұл қоғамдық сана өзгеруімен сипатталады.

Мемлекет басшысы ел-жұртты алаңдатып отырған мәселелерге назар аударып, заңнамалық реттеуді тапсырды.  Қоғамдық бақылау, адам саудасымен күрес, ғылыми-техникалық саясат, жылу энергетикасы тағы басқа заңдар қабылданды. Заң шығарушылар  жасөспірімдердің құмар ойындарға құмарлығы, әйелдер мен балалар құқықтарының бұзылуы азаматтардың қарыз ауыртпалығына  қатысты мәселелерді де қозғады.  Жағдай жан-жақты зерттеліп, заңды шешімін тапты.  Бұл шешімдер әр қазақстандықтың жүрегінен орын алады.

Ш.Измагамбетова, аудандық орталық кітапхана басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT