Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мақат ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастар акциясы өтті

Бүгін Мақат ауданында алғаш рет «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ECO BATTLE» командалық сайысы ұйымдастырылды,  деп хабарлайды AtyrauPress.

Шараға 16-35 жас аралығындағы аудан жастары қатысып, 8 команда құрылды. Қатысушылар Доссор кентіндегі Қ.Сейтов, Ғ.Сүлейменова, Ш.Еркешов және Ә.Мантаев көшелерінің бойында қоқыс жинап, қалдықтарды сұрыптау жұмыстарын жүргізді.

Сайыс қорытындысы бойынша, үшінші орынды «Мақат жастары» командасы иеленсе, екінші орын «Доссор мәдениет үйі» командасына бұйырды.

Ал «Достық» командасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Шара соңында барлық жеңімпаздар аудан әкімінің алғыс хатымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, бұл акция қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT