Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кәсіп түбі – береке

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизим» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 9 бағытты айқындап берген еді. Соның ішінде - ауыл шаруашылық кәсібіндегі бір қатар өзгерістерге тоқталып өткен болатын.

«Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс», -деп Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев айтқандай, мемлекет тарапынан берілетін арзан несие түрлерін ұтымды пайдалану арқылы елімізде, әсіресе, ауданымызда атаулы саланы гүлдендіре аламыз деп ойлаймын. Себебі, ауыл шаруашылығы-мемлекет экономиканың басты күші. Атаулы сала халықты азық-түлікпен қамтыса, өндірісті шикізатпен қамтамасыз етеді. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсібін дамыту назардан тыс қалмақ емес. Жалпы, қашанда ауыл шаруашылығын жаңа сатыға шығару үшін елімізде маңызды шешімдер қабылданып, мемлекет тарапынан түрлі көмектер көрсетілуде. Шағын және орта кәсіпті дамыту үшін мемлекет тарапынан субсидия беру де қарастырылған.

Десе де, көптеген кәсіпкерлер заң аясында құжат рәсімдеу кезінде бірқатар кедергілерге ұшырап жатады. Осы орайда Президентіміз мемлекеттен субсидия алу үшін заңсыздық фактілері орын алатынын атап өтті. Яғни ауыл шаруашылығын дамыту үшін бармақ басты, көз қыстылықты жоюуымыз керек. Кәсіп иелеріне мемлекет тарапынан берілетін қолдаулар ашық түрде берілуі қажет. Ауданымыз ауыл шаруашылығына қолайсыз болғанымен, үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен арзан несие беру тәсілін пайдалану арқылы агроөнеркәсіптің даму сатысы жоғарылайды деп ойлаймын. Ол үшін бірқатар жұмыстар іске асырылу керек. Бүгінде ауданымызда мал басын асылдандыру, сүт өнімдерін өндіру сынды мәселелер күн тәртібінде тұр. Исі қазақтың кәсібін жанына серік еткен әрбір кәсіпкерге мемлекет тарапынан берілетін түрлі несиелер ашық беріліп, заң аясында құжаттарды рәсімдеуді басты назарда ұстауымыз керек!

Гүлнұр Атабаева,

аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT