Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Үкімет СҚО-дағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді

АСТАНА.KAZINFORM - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Реконструкциялау жұмысының мақсаты – құрылыстың беріктігін нығайту және елді мекеннің толыққанды қорғалуын қамтамасыз ету. Бөгетті толық реконструкциялау жобасына автожолдарды қалпына келтіру, темірбетон плиталарын төсеу, дренаж жүйесі және абаттандыру кіреді. Барлық іс-шара аяқталғаннан кейін гидрологиялық нысанның жоғарғы деңгейі 2024 жылғы су тасқынының ең жоғары деңгейіне тең деңгейде белгіленеді.

Жобаны жүзеге асыру мыңға жуық халқы бар Тепличное ауылын су тасқынынан қорғауды қамтамасыз етеді.

Үкімет елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің деректері бойынша алты өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру және салу бойынша 57 жоба, оның ішінде 13 жаңа нысан құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 57 нысанның 40-ы аяқталды, 221 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, нығайтылды, бұл жұмыстың 91%-ы.

Айта кетейік, Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті 1980 жылы пайдалануға берілген. Бастапқыда бөгеттің ұзындығы 380 метр, орташа ені 11 метр, орташа биіктігі 4 метр болған.

2024 жылғы су тасқыны кезінде СҚО Қызылжар ауданының аумағында жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Есіл өзенінің тасуы салдарынан Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгеті апатты жағдайға тап болды. 2024 жылғы су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары кезінде бөгеттің ұзындығы ұлғайтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT